Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Президент ақшаның жартысын ұрлаған»

«Президент ақшаның жартысын ұрлаған»

Алты жастағы фин қызы Хельга Хилтунен Рождество алдында 100 марка сұрап Құдайға хат жазды.

Финляндияда мекен-жайы қате жазылған хатты республика президенті ғана ашуға құқылы.

«Құдай мырзаға» арналған хат 1958-1982 жылдары ел басқарған Урхо Калева Кекконеннің қолына түсті. Кекконен қыздың өтінішін орындауға бекінген еді. Әлі кішкентай деген оймен 50 марканы да жеткілікті көрді. Ақша мен «Құдайдың хатын» үйіне жеткізуді қарамағындағыларға тапсырды.

Көп ұзамай кеңсеге Хельгадан қайтадан хат келді. Онда хат иесі президент көлігі үйінің жанына тоқтағанда бүкіл көше жұртының назары соған ауғанын айтыпты.

Сондай-ақ Құдайдан ендігәрі президент арқылы ешкімнен ақша беріп жібермеуді сұрапты. «Өйткені президент ақшаның жартысын ұрлаған», - делінген хатта.

Авторы белгісіз.

Аударған: Назерке Саниязова

19 қараша 2021 ж. 224 0