Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйеліне айыппұл салған «гаишник»

Әйеліне айыппұл салған «гаишник»

Енді, өзінің әйеліне қалай айыппұл салған қызықты айтайын, бұл туралы ұлы Анвар: «Мамам жұмысқа асығып бара жатырып, көшенің жаяу жүргіншілерге өтуге болмайтын жерден өтіп кеткенде, әкем ысқырықпен тоқтатып, шешемнін қарсылық білдіргеніне қарамастан айыппұл салады. Үйге келгесін де сөйлеспей жүреді, әкем үшін қызмет бабында «өзім» және «өзге» деген түсінік жоқ екенің біліп, екі күнен кейін қайтадан сөйлесіп кетті» деп еске алады.

Одан кейінгі жағдайды бәріміз білеміз, көз алдымызда СССР тарап кеткесін барлық ірі қалаларда криминалдық жағдай қалыптасты, бопсалаушылар (рэкет) бас көтеріп, берекетсіздік белең алды. Бір кездегі қонақжайлығымен аты шыққан ел астанасы Душанбеде криминалды топтар арасында табыс түсіретін нысандар үшін атыс болуы қалыпты жағдайға айналды. Заман өзгерді, ары мен қолы таза адамдардың орнына «қулығына құрық бойламайтын» адамдар келе бастады. Осыны білген туған туыстары «Молдаға жасын келіп тұр, отставкаға шық» дей бастады, күн сайын жұмыстан ұңжығасы түсіп келетін болды, сондай күндердің бірінде оңашада әйеліне: «Мен қызметімнен қалай кетем, өз балаларымдай қарамағымда 33 балам бар ғой» деді. Кезінде мас болып рульге отырғаны үшін айыппұл салғандардың ішінде қылмыстық әлемнің серкелері де бар еді, солардың тарапынан талай қоқан-лоқы көрсе де, алған бетінен қайтқан жоқ. Алайда «аңдыған жау алмай қоймас» дегендей, 1992 жылдың 2-ші желтоқсанында қызметінен оралған жоқ. Ертеңіне қала сыртында өзінің қызметтік автокөлігінде өлі денесі табылды, қала сыртына қашқан болып, алдынан күтіп алғаны анықталды. Табельді қаруын алмай кеткеніне қарағанда өзін аңдып жүрген дұшпандары екені белгілі болғанмен, қылмыс ашылмай қалды.

СССР бойынша кезінде «мұрты ең ұзын және ең адал гаишник» деп жарыса жазған «Правда» мен «Известия» газеттерінен бастап барлығы, МАИ инспекторы майор Молда Нұровтың қаза тапқанын жазуы халықтың ашу-ызасын тудырды. 1994 жылдан бастап республика ішкі істер министрлігі қаза тапқан күніне байланысты үздік МАИ инспекторларына М.Нұров атындағы медаль табыс етіледі.

СССР бойынша № 1 «гаишник» атанған ол балаларына ақша жинақ кітапшасын, автокөлік немесе жақсы үй қалдырған жоқ, артында адал азамат ретінде атын ғана қалдырып кетті. Ұл-қыздары Максуда, Мавджуда, Анвар, Малохат, Мохира, Саехаттың барлығы жоғары білім алып әр салада әкесі сияқты халқына адал қызмет етуде. Жылда әкесі қаза тапқан күні, ақын Тұрсынзада атындағы көшедегі қара шаңырақта бас қосып әкесіне Құран аяттарын бағыштайды. Адам ұрпағымен мың жасайды деген осы шығар…

Бақытжан Абдул-Түменбаев,
тарихшы,
журналист-дайджест.
18 шілде 2021 ж. 216 0