Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Адамның дауысы ауруынан хабар береді

Адамның дауысы ауруынан хабар береді

Адамның даусы үш апта бойы қарлығып жүрсе, дәрігерге қаралу керек, деп жазды sputnik.kz.

Британиялық дәрігер Жан-Пьер Жиннон Express басылымына берген сұхбатында адамның даусынан онкологиялық ауруды қалай анықтауға болатынын айтты.

Оның сөзінше, дауыстың еш себепсіз қарлығуы қалқанша бездің қатерлі ісігінен хабар береді. Маман мұндай жағдайды елемеуге болмайтынын атап өтті.

"Егер ол үш аптадан кейін кетпесе, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз", - деп кеңес берді Жиннон.

Десе де ол кәдімгі бактериалды инфекция да қарлығуға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған қоса, Жиннон көмекейдің жанында ісіктің пайда болуы, мойындағы іскен лимфатүйіндер, жұтынудың, тыныс алудың қиындауы секілді белгілерге назар аударуға шақырды.

Олардың әрбірі қалқанша без қатерлі ісігінің симптомдары болуы мүмкін, деді дәрігер.
13 маусым 2021 ж. 455 0