Табиғат құбылысына қарап ауа райын болжау
Табиғат құбылысына қарап ауа райын болжау – халықтың ғасырлар бойы жиған білімінен қорытылған тәжірибе. Мұндай білім мәдениетіміз үшін өте құнды саналады. Мәселен Жердің серігі – Айды жылдар бойы бақылап жүріп, белгілі бір заңдылығын байқап, содан ой қорытып, оны шағын ғана бір ауыз сөздің ішіне сыйғыза білген. Тіпті осының негізінде ғылыми білім жатыр десек те болады, деп жазады massaget.kz.
Күн күркіресе, арты не құрғаққа, не сырғаққа айналады.
Түсініктемесі: Әдетте, күннің күркіреуі көктемнің келуін аңғартады, жаңбыр жауып, көк көтеріледі. Алайда ауа райы күннің ерте не кеш көктемде күркіреуіне байналысты не құрғақшылық болатынын, не мұз тайғақ болатынын аңғартады.
Күн қораланса, күрегіңді сайла.
Түсініктемесі: Себебі ай қораланса, әдетте, қар жауады, қар күреу үшін күрек керек. Қоралану дегеніміз – айналасын бекіту, қоршау. Күннің қоралануы – күннің сәуле шұғыласымен қоршалуы, шеңберленуі.
Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды жер жұтады.
Түсініктеме: Күн шыққанда суарлыған жерге су сіңбейді, буға айналып, аспанға ұшады. Бұл – суды күннің жұтуы. Күн батқанда суарлыған жер суды өз бойына сіңіреді, суды жер жұтатын себебі сол, яғни жер суды қанып ішеді, нәтижесінде егіс жайқалып шығып, мол өнім береді.
Батар күн бұлтқа барып батса, келесі күн жауын-шашынды болады.
Күн батарда көк жиек ашық болып, қызыл шапақ шашса, ауа райы жылынады.
Күн көзі мұнартып шықса, ыстық көтеріледі.
Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады.
Күн қораланса, қар қалың түседі.
Күн құлақтана бастаса, көп ұзамай қатты аяз болады.
Күн қызық шапаққа оранып батса, ертеңінде ыстық болады.
Күн құлақтанып шықса, ауа райы суытып, жауын-шашын болуы тиіс.