Мейрамда туған Мейрамбек

Сол Мейрамбек журфакты бітіргеннен бері өзінің Тереңөзегінен табан ажыратқан жоқ. Ұзақ жыл аудандық газетте қызмет істеді, облыстық басылымның меншікті тілшісі болды. Жұмысына адал, ісіне тиянақты. Ана бір жылы тасқын кезінде Сырдарияның ағысын барлауға аттанған тікұшақтан құлап, біраз зардап шекті. Көп жыл тəн азабын да, жан азабын да тартудай-ақ тартты. Бірақ қиындыққа қайыспады. Төсек тартып жатса да, қаламын қаңтармады. Қысқасы, сырқаты жанына батса да, журналистиканың туын жыққан жоқ. Саптан шықпады. Сыннан ықпады. Несі бар, аса талантты жігіттер жергілікті басылымға да керек қой...
1 мамыр – мейрамда дүние есігін ашқан Мейрамбектің туған күні. Кеше осыған орай Сыр бойы ақпарат құралдарының өкілдері оған біршама құрмет көрсетті. Әріптестерімізге рахмет айтамыз! Мейрамбек досымызды қат-қабат келген мерекелерімен құттықтаймыз!
Бауыржан ОМАРҰЛЫНЫҢ "Фейсбук" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан алынды