Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Дәрі ішудің де тәртібі бар

Дәрі ішудің де тәртібі бар

Фармацевтер дәріні шығарылу формасына қарай ішу әдісін жария етіпті. Мұны қай-қайсымыздың да біле жүргеніміз жөн.

Ұнтақ (порошок) дәрілерді пакетін ашқан соң тіл үстіне «төгіп», одан кейін бір стакан таза ауыз сумен ішу керек.

Таблетка мен капсулаларды өңешке жақындау етіп тастаған дұрыс екен. Сосын ауызға суды молырақ етіп алып, алғашқы жұтыммен ішіп тастаған жөн. Сосын шамаңызға қарай жарты не одан көбірек суды асықпай ұрттап ішесіз.

Микстура, тұнба, қайнатпаны мөлшерінен асырмаған маңызды. Ол үшін 5, 10, 15 және 20 миллиграмм етіп көрсетілген сызықша белгісі бар арнайы стаканыңыз болғаны дұрыс. Ал шай немесе ас қасық мөлшерінде ол мынадай болады: шай қасық – 5, десертті қасық – 10, ас қасық – 15 милллиграмм.

Спиртті және эфирлі тұнбалар,
сұйық экстракттарды тамшы есебімен өлшейді. Егер бөтелке қақпағы жалпақ болса оны «пипеткамен» таза, құрғақ стаканға керек мөлшерінде тамызып, сосын суды суды үстіне (керісінше емес) құясыз. Одан кейін барып іше беруге болады.

Нитроглицерин, валидол сынды таблеткаларды тіл тастына тастайды. Онда көптеген майда қан тамырлары бар, дәрі еріп, солар арқылы қанға араласады, яғни асқазанды тітіркендірмейді, асқазан сөлімен араласпайды.

Кез келген дәріні нұсқамасына сай астан бұрын не кейін ішу де маңызды. Сонда ол асқазан-ішек жолын тітіркендірмейді, аспен араласып, әсері төмендемейді. Ал құрамында темір мен йод бар дәрілер астан 20-30 минуттен кейін қабылдануы керек. Аллахол, фестал, церукал астың қорытылуына тікелей әсер ететіндіктен оны аспен қатар қолдана беріңіз.

Ұйқы шақыратын дәріні төсекке жатардан жарты сағат бұрын ішіңіз, іше салып жатып қалу оның дұрыс сіңірілмеуі мен оңды әсеріне кедергі келтіруі мүмкін.

«Ауырмаңыз парақшасынан»
25 сәуір 2021 ж. 485 0