Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Айтар сөзіміздің үш сүзгісі

Айтар сөзіміздің үш сүзгісі

Бір жігіт ұстазына келіп:
- Ұстаз, мен сізге бір нәрсе айтқым келеді, -дейді.
- Тоқтай тұр, - дейді ұстазы. Айтар сөздеріңді алдымен үш сүзгіден өткізіп ал.
- Үш сүзгі?
- Иә. Ең бірінші – шындық сүзгісі. Маған айтқалы тұрғандарың шындық екеніне сенімдісің бе?
- Жоқ, өзгелерден естігенім...
- Жақсы. Яғни сен оның ақиқат екенін білмейсің. Екінші – жақсылықтың сүзгісі. Ол адам жайлы маған жақсы нәрсе айтқың келе ме?
- Жоқ, керісінше...
- Сонда сен шындықты білмесең де ол туралы жаман нәрсе айтпақсың. Ең соңғысы – игілік сүзгісі. Сенің айтқың келген нәрсеңнің маған, өзіңе пайдасы бар ма?
- Жоқ, жай, айтқым келіп...
- Сонымен, сенің маған айтқың келгеніңде шындық та, жақсылық та, пайдасы да жоқ. Онда оны айтудың қажеті қанша?
19 сәуір 2021 ж. 526 0