Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кондиционер адамға несімен зиян?

Кондиционер адамға несімен зиян?

Қазір кондиционері жоқ кеңсе жоқтың қасы. Кей электр жарығы арзан мемлекеттерде үй-жайдың түгелінде дерлік кондиционер бар. Жазда жұмыс істегенде, үйде демалып жатқанда конционердің пайдасы көп, әрине. Өте ыңғайлы, жанға жайлы нәрсе туралы massaget.kz жазады.

Алайда осы техниканың өзі кейде адамға зиян боп тиюі мүмкін. Соны естен шығарып алмайық. Өйткені онымен бірге ауаға вирус тарауы мүмкін.

Кондиционер бөлменің ішіндегі ыстық ауаны "жұтып", хладагент арқылы суытады. Хладагентке кірген ыстық ауа буланып, оған газ жіберіліп салқындатылады.

Кейде кондиционер маңында су тамшылып не ағып тұрғанын, сарғыш түсті дақ пайда болғанын көрген болармыз. Міне, бұл – кондиционерге түскен ауаның бірде жылы, бірде суық температурамен үйкеліп конденсацияға ұшырап шыққан түрі.  Сол тоттыққан су жерге тамып сарғайып жатады.

Ал ең қауіптісі де сол – тоттыққан ауа сыртқа шықпай, конденсат күйінде қайта ішке – бөлмеге кіруі де мүмкін. Дымқыл ауа аэрозоль түрінде бөлме мен кеңсеге тарап, кейбір вирустардың тірілуіне түрткі болуы ықтимал. Дымқыл ауа вирус пен бактерияның тарауына қолайлы орта екені белгілі.

Сондықтан мұндай жағдайға тап болмас үшін кондиционердің барынша заманауи, жаңа түрін қолдануға тырысу қажет. Жаңа кондиционерлерде ультрасәулесі бар фильтр орнатылған. Ол патогенді микробтарды өлтіреді.
02 сәуір 2021 ж. 525 0