Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

№ 33 газет

27 сәуір 2024 ж.

№ 32 газет

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Солақайлық дерт пе?

Солақайлық дерт пе?

Бірде бір кісі айтқан екен: «солақай екенімді ес білгенде білдім» деп. Сол сияқты кейде үлкендер жағы солақай болып туылған баласын мәжбүрлеп оң қолына бейімдейді. Мамандардың пікірінше бұл дұрыс әрекет емес. Солақай болу – адамның ерекшелігі және одан кемшілік іздеудің қажеті жоқ. Қайта солақай адамдар шығармашылыққа жақын болатынын ғалымдар дәлелдеген.

Статистикалық мәлімет бойынша әлемдегі адамдардың 10 пайызы солақай екен. Осыдан-ақ солақай адамдарды сирек жаратылыс иесі деп айтуға толық негіз бар.

Қазір әрбір отбасында солақай адамдардың болуы қалыпты жағдайға айналып барады. Тіпті бір отбасы мүшесінің бірнешеуі солақай болуы тұқымқуалаушылыққа, яғни генетикалық қасиетке ие екені дәлелденген.

Бұл жайында аудандық емхананың психиатр-дәрігері Салтанат Бакишева былай дейді:

– Солақайлықтың бірнеше себептері болуы мүм­кін. Соның бірі – генетикалық қасиет. Мидың оң жақ жарты шардың доминанты тұқым қуалайды. Қарапайым тілмен айтқанда доминант дегеніміз үстемдік ету дегенді білдіреді. Ата-анадан балаға ғана емес, ұрпақ арқылы, арғы атадан немесе әжеден немереге, шөбереге дейін тұқым қуалайды. Жалпы гендер адамның қолына 25 пайыз ғана жауап береді деген тұжырым бар. Әдетте ми сыңарының бірі басым болады. Егер сол жағы басым болса, ондай адам оң қолды болады. Ал дененің сол жағына жауап беретін мидың оң жағы басым болса, онда адам солақай болады. Ми жарты шарының әрқайсысы нақты адамның қабілетіне тікелей байланысты.

Тағы да солақайлықтың себебі бала миының дамуына әсер еткен туу жарақаты немесе жүктілік кезіндегі патология болуы мүмкін. Сонымен қатар мәжбүрлі солақайлық деген бар. Мұны оң қолдың ерте жаста жарақаттануына байланысты пайда болып, сол қолға қалыптасып кететін жағдай. Ал, еліктеу себебін ата-анасының бірі солақай болса, бала еліктеу арқылы солақайлықты әдетке айналдырады. Солақайды дерт деп айтуға болмайды, – дейді маман.

Солақай адамдардың ерекше дарын иесі болатыны ежелден белгілі. Атақты адамдардың арасында солақайлардың көптеп кездесуі сөзіміздің дәлелі. Аты аңызға айналған Аристотель, Юлий Цезарь, Наполеон Бонапард, Пушкин, Шопен, Ньютон, Елизавета патшайымы, АҚШ президенттері Рейган, Буш, Клинтон, киножұлдыздар Сталоне, Кидман, Том Круз, тағы басқалар солақай болған. Ал, қазақтың ұлы композиторы Н.Тілендиев домбыраны сол қолымен тартатынын өнер сүйер қауым жақсы біледі. Шын мәнінде солақайлар мақсатына жету жолында еңбектенуден қашпайтыны, кез келген ортаға тез үйреніп кететіні олардың артықшылығы.

– Әлемді билеген патша да, саясаттанушы да, ғалым да, өнер адамдарының арасында да солақайлар көптеп кездеседі. Меніңше солақайлық баланың өз таңдауы емес. Ми қызметіне байланысты болғандықтан, мидың оң жағы сол қолдың қызметіне жауап береді. Солақайлардың шығармашылық қабілеті жақсы дамиды екен. Менің екі балам да солақай. Үлкенім кішкентайында сол қолымен суретті өте жақсы салатын. Ермексаздан түрлі аңдардың бейнесін жасағанда айнытпайтын. Негізі екі қолымен де жақсы жұмыс істей алады. Сол қолымен қалам ұстаса, оң қолымен ауқаттанады.


Баламның ойлау, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Өз ойын жеткізуде қиналмайды. Ал кіші қызым туылғанда солақай екенін байқадым. Оның да шығармашылыққа жақын екені, өнерді жақсы көретіні белгілі болды. Жалпы біздер ата-анасы солақай емеспіз. Туған-туыстың арасында да солақай жоқ. Мәжбүрлі солақай болды ма десем, бала кезінде жарақат алған жоқ. Үлкен баламның қабілетіне қарап, суретші немесе мүсінші болатын шығар деп ойлағанмын. Бірақ олай болмады. Дегенмен, қазір балам қытай тілінде білім алады. Жоғарғы оқу орнына түскенде солақайлығы көмегін тигізген болса керек, қытай таңбаларын меңгеруге оның осы қабілеті көмегін тигізді деген сенімдемін. Әйтпесе 3 жылда қытай иероглифтерін жазып, оқу – оңайға соқпасы анық.


Мектепте оқып жүрген қызым жазу кезінде қиналады. Қаламды сол қолымен ұстаған соң мұғалімі жазған әріптерді көрмейді. Әрине, оң қолға қинап көшуге болмайтынын жақсы білемін, – дейді облыстық жас­тар денсаулығы орталығының аудандық құрылымдық бөлімшесінің маманы Г.Жұмабекқызы.

Иә, мамандар солақайлардың жаны нәзік, бірақ қиындыққа төзімді келетінін айтады. Олардың қиялы қатты дамығандықтан, көңіл-күйдің адамы дейді. Дегенмен, солақай адамға бұл ерекшелігі өмірден өз орнын табуға кедергісін келтірмейтіні анық.
19 қаңтар 2021 ж. 561 0