Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Баға жетпес құндылық – ана тілі

Баға жетпес құндылық – ана тілі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рес­публиканың бас газеті «Ege­men Qazaqstan»-да ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев­тың «Тәуелсіздік бәрінен қым­бат» атты мақаласы жарияланды. Онда Мемлекет басшысы ел дамуының айқын бағыттарын белгілеп, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін туған тіліміздің де маңызы зор екендігіне тоқталды.

– Еліміздің басты нышандарының бірі – мемлекеттік тіл. Біз Тәуелсіздік дәуірінде ана тілімізді дамыту үшін барлық жағдайды жасадық. Қазақ тілін, шын мә­нінде, бүкіл халқымызды біріктіруші  фак­торға айналдырудың барлық құ­қық­тық тәсілдері және кепілдіктері қа­лыптасты, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ мақалада тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі де зор екендігі айтылған. Балалар – біздің болашағымыз. Туған тіліміздің тұнығын сақтап, болашаққа апаратын да солар, жас ұрпақ. Өйткені, кез келген ұлттың баға жетпес қазынасы – тілі. Ол ұлтпен бірге жасап, заманмен бірге дамып отыратын құбылыс.  

«Туған жерің – тұғырың,  туған тілің – қы­дырың» дегендей, мақала мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оның болашығы зор екендігін меңзейді.
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ,
ҚР Журналистер
Одағының мүшесі

09 қаңтар 2021 ж. 507 0