Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сөзден сүрінген ақын

Сөзден сүрінген ақын

Абай қаншалықты ғұлама, дана болса да, әкесі Құнанбайдың алдына келгенде сөзден сүрінеді екен.

Бірде әкесімен әңгіме-дүкен құрып отырып, әжесі Зере, анасы Ұлжанның ақылдылығын мақтан еткен Құнанбайдың сөзіне масайраған Абай: «Әке, мен нағашыларыма тартқан екенмін» – деп, айтып қалады. Әкесі: «Әй, Абай, бәйгеден келген тұлпарды «мынау қай айғырдың баласы» деп сұрайды. Бірақ «қай биеден туды» деп сұрағанды естіген жоқпын» – депті.

Өзінің артық кеткенін түсінген Абай әкесінен кешірім сұрапты.

Бір отырыста Абай: «Мен әкемнен де оздым» – депті. Бұл сөз Құнанбайдың құлағына да жетеді. Сонда Құнанбай: «Абайыңа сәлем айт, менен озбақ түгіл, маған жету үшін Абайдай ұл туғызып алсын» – депті.
27 қазан 2020 ж. 895 0