Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайлаңыз! Өміріңізге қауіпті!

Абайлаңыз! Өміріңізге қауіпті!

Еш талапқа сәйкес келмейтін 11 мың тонна азық-түлік тәркіленді. Оның ішінде бір мезетте әзір болатын импорттық кеспелер де бар. Әсіресе  Оңтүстік Корея кеспесінен сақ болыңыз! Оның құрамындағы генетикалық түрлендірілген өнім мөлшері адам өміріне қауіпті. Бас санитар дәрігердің қаулысымен Корей кеспесінің саудасына тыйым салынды, деп хабарлайды www.ktk.kz

Оңтүістік Кореяда өндірілген кеспелердің құрамындағы гендік түрлендірілген ағзалардың көлемі тоғыз есеге көп екені анықталған.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабымен азық-түліктегі ГТА мөлшері 0,9 пайыз болуы тиіс. Ал бұл тез әзірленетін кеспелердегі ГТА-ның көлемі 10 пайыздан асып кеткен. Жалпы қазірге дейін тамақ өнімдерінің 14 мыңнан астам сынамасы зерттелген. Оның 1531-і немесе 11%-ы Кеден және Еуразиялық экономикалық одақтардың техникалық талаптарына сәйкес келмейді екен. Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті осылай деп отыр. Анықталған фактілер бойынша 625 нұсқама беріліп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 16 іс қозғалды. Жалпы сомасы 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. 11 тоннадан астам сәйкес келмейтін өнім сауда сөрелерінен алынды. Ал санитарлар барша сауда өкілдерін тексерісті күтпей қамдануға шақырып отыр.

Алмат Қосалиев, ҚР ДСМ Тауар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас сарапшысы:

- Егер кәсіпкерлер көрсе, сатылымнан алу керек. Жергілікті біздің басқармаларға хабарласып, солай өткізсе болады. Біздің мамандардың келуін, болмаса эпидемияға қарсы шаралардың ұйымдастырылуын күтпей-ақ, әрекет етуіне болады.  
16 қазан 2020 ж. 235 0