Биылғы жылы 202 502 рет электронды қолтаңба алынған
Бүгіннен бастап біз сіздерге облыс бойынша азаматтар ең көп қолданатын танымал қызметтер жайында мәліметтер мен бөлісетін боламыз.Қызылорда облысы тұрғындарының жалпы саны 780 мыңға жуық адамды құрайтынын ескере отырып, ЭЦҚ алу бүгінгі таңда ең танымал ғана емес, сондай-ақ сұранысқа ие қызметке айналды деп айтуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда ЭЦҚ алу бұрыңғы кезге қарағанда әлде қайда ыңғайлы болды. Енді электрондық үкімет порталындағы "ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу" сервисін пайдалану арқылы небәрі 5 минуттың ішінде ЭЦҚ алуға болады.










