Мерейі үстем қарашаңырақ
Егеменді еліміз – бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі. Қазақстандағы білім беру мен ғылым саласын дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, нақты іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Әлемдік стандартқа сай салынып жатқан түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындары және олардың білім сапасы – осының бір дәлелі. 86 жылдық тарихы бар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі білім сапасының әлем талаптарға сай келуі тек университет үшін, білім алушылар мен ұстаздар үшін ғана емес, тұтастай еліміз үшін үлкен мәртебе.
ҚазҰУ әлемнің ең үздік жоғарғы оқу орындарының қатарында және ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдаланатын, оны қоғамда және экономикада ұтымды жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы заманауи университет. Бүгінде ҚазҰУ еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университетіміз–оқытушыларымыздыңданалығы мен жастардың білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген білім ордасы.
Он жылға жуық университет ректоры қызметіндегі академик Ғалымқайыр Мұтанұлы қазіргі таңда университетті дамыту мақсатында нақты мақсат-міндеттерді жүзеге асырып келеді. Халықаралық QS агенттігінің мәліметі бойынша әлемдегі үздік ЖОО-лар рейтингінде ҚазҰУ 165 орынға ие болды. Сондай – ақ «Times Higher Education» британдық агенттіктің зерттеу нәтижелері негізінде ҚазҰУ Орта Азия университеттері арасында бірінші болып әлемнің үздік ЖОО-лары қатарына енді.ARES (Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палата) еуропалық рейтингінде ҚазҰУ «АА» бағасын алды және жетекші еуропалық университеттер санатына кірді.
Елімізге халықаралық деңгейге сай, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алатын орны ерекше.Білім ордамыз мемлекеттің инновациялық даму саясатын іске асыру мақсатында әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу жолында құрылымдық жаңару үстінде. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде білім сапасы маңызды рөл атқаратынын ескере келіп, университет қолға алған «классикалық университеттен зерттеу университетіне көшу» жобасында білім-ғылымды, инновациялық өндіріс және магистратура мен PhD докторантурада білім алушылар санының өсуі көзделген. ҚазҰУ Қазақстан Республикасы бойынша магистранттар мен докторанттардың саны жағынан көш бастап тұр.
Бүгінгі таңда университетте 16 факультет жұмыс істейді. Әр факультетте жоғарғы дәрежедегі мамандандырылған оқытушылар мен профессорлар еңбек етеді. Сонымен қатар факультеттерде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шетел азаматтары мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйреніп жатыр. Студенттер шетел азаматтарымен танысып, басқа елдердің мәдениетін танып біліп, оларға өзіміздің елімізді, университетімізді таныстыра аламыз. Шетел тілдерін үйреніп жүрген біздерге, бұл керемет тәжірибе алмасу деуге болады. Себебі, біз оларға, олар бізге көмек көрсетеді. Бұл көрініс ҚазҰУ-дың керемет мүмкіндіктерінің бірі.
ҚазҰУ –бәсекеге қабілетті, дарынды студенттерді біріктіріп отырған құтты мекен, сыйластық пен шынайы достықтың мекені. Қазақ ұлттық университеті – өзінде білім алатын, еңбек ететін әр адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, жан-жақты қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін мекен. Ұлттық университетпен өз тағдырын байланыстырған әрбір адам болашағына үлкен сеніммен қарайды және бұл үшін ұлттық университет әрқашан қолдау көрсетуге дайын.

Камар Алдашева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті PhD докторы,
Гүлсезім Жантөре
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-курс студенті