Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туымыз төмен түспесін

Туымыз төмен түспесін

Бүгінгі ахуал дүниені дүрбелеңге салып отыр. Бұл қатарда біздің елде бар. Осыған қатысты 13 шілде пандемиядан көз жұмған азаматтарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні болып бекітілді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада мәлімдеген еді. Сонымен қатар мемлекет басшысының айтуымен бүкіл ел болып вирустан қаза болғандарды еске алып, бір минуттық үнсіздік жарияладық. Білуімше аза тұту Қазақстанда осымен 9-шы рет бекітіліп отыр. Өкінішті...

Негізі аза тұту күні көптеген адам өлімі тіркелгенде, қайраткерлер дүниеден өткенде, басқа да қайғылы оқиғалар орын алғанда жарияланатыны белгілі. Аты жаман коронавирус пандемиясының келуі ел ішінде түбегейлі өзгерістер енгізді. Соның салдарынан ауруханаларда қандастарымыз вирус­пен күресіп, өмір мен өлімнің арасында жатыр. Оған қоса індет кесірінен күн сайын көптеген жандар дүние салып, қайғыдан қан жұтып отырған отбасылар аз емес. Қабырғамызды қайыстырған осындай қысылтаяң сәтте бір болып, еңсемізді биік ұстасақ бұның да артта қалары сөзсіз. Сондықтан бүгінге дейін жақындарынан айырылған жандардың қайғыларына ортақпын. Бұдан кейін Қазақстанда азалы күн болмай, Туымыз төмен түспесін!

Бүкіл әлем халқы осы індетпен күресуде. Біздің елде де сауықтыру шаралары атқарылуда. Бұл күндердің де артта қалып, мамыражай мезгілдің туарына сенейік. Көп болып күресе білейік, бір-бірімізге қолдау танытып, өзіміздің және өзге жандардың денсаулығы, амандығы үшін бекітілген ережелерді қатаң ұстануға шақырамын.

Алма БАҚТИЯРОВА,
аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
14 шілде 2020 ж. 556 0