Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде дәрі-дәрмек бағасы өспейді

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы өспейді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық формулярлық комиссиясының кезектен тыс отырысында өндірушілер өз бетінше бағаны өсірген жағдайларды қоспағанда, 2021 жылы дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалар деңгейін 2020 жылғы деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Отырыста 2021 жылға дейін Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы бұйрық жобасы дәрі-дәрмектерге бағаның өсуіне байланысты қайта қаралды.

"Көпшілік дауыспен 2020 жылдың 8-маусымында шығарылған шешім бойынша бағаларды сол қалпында қалдыратын болдық. 2021 жылы өндірушілердің дәрі-дәрмек құнын өсіруін есепке алмағанда, баға деңгейін ұстап тұру керек", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова.

Биылғы жылы дәрі-дәрмек тұтыну деңгейі әлдеқайда жоғары болғандықтан, келесі жылы бағаның күрт өсіп кету ықтимадылығы жоғары. Сол себепті мминистрлік тарапынан бұл мәселеге ден қойғанды жөн көрдік дейді ол. Нәтижесінде келесі жылы дәл осы сала бойынша қаржыландыру 100 млрд долларға дейін өспек. 


24 маусым 2020 ж. 402 0