Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 41 газет

02 маусым 2020 ж.

№ 40 газет

30 мамыр 2020 ж.

№ 39 газет

26 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Зейінді арттыруға көмектесетін тағамдар

Зейінді арттыруға көмектесетін тағамдар

Таңертең ұйқың ашылмай, сабаққа бар зейініңді салып, мұғалімнің айтқанын есіңе сақтай алмасаң, не істеу керек?

Ең біріншіден, бәрін ақырындап бастау керек, әйтпесе жүйкенің тозуы мен денсаулықтың бұзылуына себеп болады. Бірақ тым босаңсып кету де дұрыс емес. Күнделікті істейтін нәрселеріңді бір кестеге тізіп, тамақтану рационыңа да көңіл бөл. Ерте жатып, ұйқыңды қандыр, серуендеуге шық, дұрыс тамақтанып, өзіңе бір уақыт назар аудар.

Сенің ағзаң даму үстінде болғандықтан, жоғарыда айтылғандар өте маңызды. Сондықтан күн тәртібіңді дұрыс қадағала: компьютер мен теледидардың алдында ұзақ отырма, смартфон, гаджеттерді ұзақ уақыт қолдануыңды тежегенің дұрыс шешім болмақ. Бұлар жүйке жүйесін тітіркендіріп, дұрыс сабақ оқуға, бестік баға алуға кедергі болатынын есіңе жиі салып жүр.

Тамақтануға келер болсақ, зейінді арттыратын бірнеше өнімдер бар. Бұларға балық, теңіз өнімдері, сүт тағамдары, бұршақ тұқымдастар жатады. Сонымен бірге, сабаққа деген ынтаны шай, шоколад, жемістер мен жидектер (әсіресе, қаражидек) және жаңғақ түрлері арттырады.

Теңіз тағамдарының құрамында йод, кальций, калий, фосфор сияқты макроэлементтер шоғырланған.

Балықтың пайдасы жайлы айтып жатудың өзі артық сияқты. Бастысы, құрамында А, Д, Е дәрумендері, йод, темір, магний, фосфор, мыс элементтері бар. Ол көздің көруін жақсартып, адам өмірін ұзартады.

Үрмебұршақ құрамында крахмал, көмірсулар мен нәруыздар мол. Сонымен қатар С, B1, В2, В6, РР дәрумендері, макро- және микроэлементтер (әсіресе, мыс, мырыш, калий), түрлі қышқылдар, каротин бар.

Сүтте тірі организмдердің өсуі мен дамуы үшін өте қажетті заттардың екі жүзге жуық түрі бар: белоктар, май, минерал тұзы, түрлі дәрумендер, сүт қанты, түрлі ферменттер т.б.
03 мамыр 2020 ж. 80 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам