Үй – қазіргі қорғаның
Өкінішке орай, індет тез таралып жатыр. Бірақ әлі де болса алаңсыз жүрген адамдар бар.
Аймақта коронавирус жұқтырғандардың саны көбеймес үшін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өте дұрыс шешім қабылдады. Үндеуді толық оқып шықтым. Түсінген адамға бәрі халық үшін жасалып отыр.
Осы ретте тұрғындар алаңдамай, үрейленбей, жағдайға шыдымдылық танытуы қажет. Қарапайым адамдардың көпшілігі ауру өзінен алыс деп ойлайды. Індетті жұқтырып алудың өте тез екенін ескере бермейді. Сондықтан оқшаулау әдісі дер кезінде жасалып отыр.
Өзім Тереңөзек кентінде тұрамын. Коронавирус індеті таралғалы қалаға барғаным жоқ. Аудан орталығында азық-түлік, дәрі-дәрмек, бәрі бар. Аудан әкімдігі дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұның өзі көңілге сенімділік ұялатады.
Қазір отбасымызбен үйден шықпай отырмыз. Қажет жағдайда ғана дүкенге барамыз. Сондықтан тұрғындарды сәл сабырлық танытуға, үрейленбеуге шақырамын.
Алма БАҚТИЯРОВА,
Сырдария ауданының Құрметті азаматы,
мәдениет саласының ардагері
Сырдария ауданының Құрметті азаматы,
мәдениет саласының ардагері