Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құранда аталған 6 өнім

Құранда аталған 6 өнім

Алла тағала бізге не берсе де, пайдалысын, өсіп-өнуімізге, дамуымызға қажеттісін, тәнімізбен қатар жанымыздың тазалығы үшін керектісін берді. Сондықтан дертіне дауа, жанына шипа іздеп жүрген, денінің саулығын сақтағысы келетіндер үшін Құранда аталған өте пайдалы 6 жемісті айтпақпыз:
1. Зәйтүн
«Ол, Алла көктен су түсіреді. Кейін сол сумен әр алуан өсімдікті (топыраққа көмілген тұқымын жарып) шығарамыз. Сол өсімдіктен алдымен жас өркен өсіріп шығарамыз, содан кейін егінге бас алдырып, жанына қарай һәм бірінің үстіне бірі қатарласқан дәндерден масақ шығарамыз. Құрма ағашының бүршігінен салбырап өскен шоқ-шоқ құрмалар, сондай-ақ бір жағынан, бір-біріне ұқсайтын, екінші жағынан, мүлдем ұқсамайтын (бір топырақтан һәм бірдей минералдармен қоректенгеніне қарамастан, түрі, түсі, иісі және дәмі жағынан әр алуан) жүзім, зәйтүн, анар бау-бақшаларын өсіреміз. Бұлардың әрқайсысының жемісіне жаңа өніп-өскенде (яғни шикі кезінде) һәм толықсып піскенде зер салып қарашы. Әрине, мұның бәрінде иман ететін қауым үшін айқын дәлелдер, айдан анық белгілер бар» («Әнғам» сүресі, 99-аят).
Зәйтүн жүректің саулығына, қан айналымының дұрысталуына көмектесіп, артық салмақтың алдын алады. Терінің саулығы мен әдмілігіне сеп болады.
2. Банан
«Олар жеміс салмағынан бұтағы иілген тікенсіз шие ағаштарының және шоқ-шоқ болып ұйыса біткен банан ағаштарының созылып жатқан кең саясында һәм сарқырап аққан сулардың жағасында (болады)» («Уақиға» сүресі, 28-33-аят).
Бананның денсаулыққа тигізер пайдасы өте көп: бүйрекке, ішекке, ракпен күресте, метаболизмде таптырмас ем.
3. Анар
«Екеуінде де алуан түрлі жемістер, соның ішінде құрма мен анардың түр түрі бар» («Уақиға» сүресі, 68-аят).
Анардың дәні де, қабығы да, шырыны да дертке дауа. Ағзаның ауруларға қарсы күресуіне жол ашады. Қант диабетін болдырмайды, холестеринді реттейді. Рак клеткаларының дамуына жол бермейді. Жүрекке де ем.
4. Інжір (инжир)
«Інжірге және зәйтүнге серт!» («Тин» сүресі, 1-аят).
Інжір – талшығы көп өсімдік. Жүрекке, сүйектердің мықтылығына, асқорыту жүйесіне және көмектеседі. Қанды ішектерді тазартады.
5. Құрма
«Сондай-ақ, жерден жайқалған құрма мен жүзім бау-бақшаларын өсіріп, қайнар бұлақтар шығарамыз. Сол өсімдіктердің жемістерін (құлдарымыз) өздеріне өмірлік азық қылсын дедік, олар мұның бәрін өз қолдарымен жасаған жоқ. Олар сонда да шүкіршілік етпей ме?» («Иә-Сиин» сүресі, 34,35-аяттар).
Құрма – ДНК мен клеткалардың дамуына әсер ететін таптырмас жеміс. Ағзаны тазартып, рак, жүрек ауруларын болдырмайды. Есте сақтау қабілетін жақсартады. Жоғарғы қан қысымын, қант мөлшерін тұрақтандырады. Анемияға (қаназдық), бауырға ем. Көру қабілетін арттырады. Сүйектерді қатайтып, жан саулығын сақтайды. Қантамырларды қатайтады. Холестеринді реттейді. Баланың өсуі мен дамуына жақсы ықпал етеді. Ас қорытуға көмектесіп, теріні жұмсартады.
6. Жүзім
«Алла сол сумен сендер үшін егіндерді, зәйтүн, құрма һәм жүзім бақтарын және әр алуан жемістерді өсіреді. Шүбәсіз, осының бәрінде ойланатын қауым үшін өте маңызды бір белгі, бір ғибрат бар» («Нахыл» сүресі, 11-аят).
Бас ауруына бірден бір ем. Көздің көруін жақсартады, бүйрек, астма ауруларына пайдалы. Зиянды микробтарды өлтіреді, теріні жұмсартып, жасартады. Шаштың қатайып, жақсы өсуіне ықпал етеді.
02 ақпан 2020 ж. 857 0