Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Хайуанаттарға рақымшылық жасала ма?

Хайуанаттарға рақымшылық жасала ма?

Бір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, Құдайға шүкірлік етіп, өзін бұл құдыққа тап қылып, сусынын қандырғаны үшін Алла Тағалаға мадақ айтады. Сөйтіп тұрғанда шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады. Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен.
Оны көрген әлгі кісі: “Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті-ау, деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді.
Алланың елшісі (с.а.с.) бұл әңгімені аяқтай отырып: “Алла Тағала ол адамға разы болып, оған мейірім жасады,” - деген. Алла Тағала бұл кісінің хайуандарға жасаған рақымшылығы мен қайырымдылығы үшін оның күнәларын кешкен.

Араб тілінен аударған
Қ. Садыбаев
28 желтоқсан 2019 ж. 722 0