«Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің Президенті тағайындалды.

Жаппарбергенов Рахметулла Өмірбекұлы 1991 жылы 2 маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
1998-2009 жж. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің Иса Тоқтыбаев атындағы №35 қазақ орта мектебінде білім алған.
2009-2013 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тасымалдауды, жол қозғаласын ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығын үздік дипломмен аяқтады.
2009-2013 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің әскери кафедрасын аяқтап, запастағы лейтенант әскери атағын алды;
2013-2015 жж. Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің «Агроинженерия» мамандығы бойынша магистратурада білімін жалғастырды.
2015-2019 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасында инженері қызметін атқарды.
2019 жылдың ақпан айынан осы уақытқа дейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасында ғылыми қызметкері болып жұмыс жасайды.
Жерлесіміз осы күнге дейін ғылым және жастар саясатын жүзеге асыру жолында диплом және алғыс хаттармен марапатталды:
2009 ж. Қалалық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қалидың алғыс хаты;
2011 ж. Облыс әкімі кубогы үшін өткен пікір-сайыс турнирінде «Үздік төреші» номинациясы;
2011 ж. Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығына орай өткізілген пікір-сайыс турнирінің «Үздік төреші» номинациясы;
2011 ж. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ VІ ғылыми конференциясында І дәрежелі диплом;
2012 ж. Республикалық ғылыми конференциясында Білім және Ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың ІІІ дәрежелі дипломы;
2012 ж. Жастар саясатына қосқан үлесі үшін Облыс әкімінің орынбасары Нұртаев Рзақұл Сәденұлының алғыс хаты;
2012 ж. Болашақ университеті ректорының кубогы үшін өткен пікір-сайыс турнирінің чемпионы;
2013 ж. Болашақ университеті ректорының кубогы үшін өткен Республикалық пікір-сайыс турнирінің «Үздік спикер» номинациясының иегері;
2015 ж. Татарстан Республикасында қазақ тілі мен салт дәстүрін дәріптеу, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтаудығы үлесі үшін Татарстан Республикасындағы «Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының» басшысы С.К. Джаксыбаевтың алғыс хаты.
2016 ж. Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» жастар сыйлығының иегері;
2018 ж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстарын дамыту жолындағы қажырлы еңбек етіп, ерекше үлес қосқаны үшін университет ректорының алғыс хаты;
2018 ж. Қызылорда облысы әкімі орынбасарының алғыс хаты;
2018 ж. «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалінің иегері.