Қонақ күту хақында ғибрат
Ертеде бір ауыл болыпты, сол ауылда Мехмет деген иман жузді, намазхан кісі болган екен. Ол кісі үйіне құдайы қонақ болып келген, барлық адамды барын беріп, күтіп, риза қылып қайтарады екен. Мұны біліп алған ауыл тұрғындары, ол адамды ақымақ санап қарыны ашқандардың барлығы Мехметтің үйінен тамаққа тойып алып, сыртынан «Ақымақ!», – деп күліп кетеді екен.
Осындай күндердің бірінде сол ауылда бір кісі араққа тойып алып оқыс жағдайға ұшырап қайтыс болады. Мұны естіген ауылдың молдасы мен үлкен қариялары ауыр күнә жасап өлді деп жаназа намазын оқудан бас тартады. Жаназа оқитын адам табалмай дал болып жүрген адамдардың есіне баяғы Мехмет түседі де, барлығы мысқылдап: «Анау ақымақ Мехметке айтайық оған бәрібір ғой сол оқысын жаназаны»,- деп, Мехметке адам жібереді. Мехмет жаназаны еш ойланбастан оқуға келісіп, ауыр күнә жасап өлген адамның жаназасын шығарып береді.
Алланың құдіреті сол күні түнде бүкіл ауылдың адамдары бірдей түс көреді. Түстерінде жаңағы ауыр күнә жасап өлген адам жәннәттің бақтарында жүр екен. Бұған таң қалған ауыл тұрғындары, бірден Мехметке келіп жаназада қандай дұға оқығанын сұрайды..
Мехмет оларға кəдімгі молдалар оқып жүрген, жаназа дұғасын оқығанын айтады. Көрген түстерінің мән жайын сұраған ауыл адамдарына былай дейді: «Мен жаназа оқып болғансоң Алла Тағалаға: «Әлемдердің раббысы болған алла тағалам сенің разылығың үшін сен жіберген барлық қонақтарыңды күттім, сенде менің қонағымды күте гөр!»,- деп дұға қылдым», – дейді.
Бұдан шығатын қорытынды адамдарға Алла разылығы үшін жақсылық жасаудан қашпайық, адамнан қайтпаса да Алладан қайтады. Ешкім мәңгі өмір сүрмейді, ертең бәрімізде кетеміз!..