Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шахмат тортын жеп көрген адам бар ма?

Шахмат тортын жеп көрген адам бар ма?

Құрамы:
Бисквит үшін екіге көбейтіп шықтым, себебі бізге 2 ақ және 2 қара бисквит керек!
Жұмыртқа — 5 дана x 2
Шекер — 1 стақан x 2
Сүт — 1 стақан x 2
Сұйық май — 0,5 стақан x 2
Ұн — 1,5 стақан x 2
Қопсытқыш — 10 гр. x 2
Ванилин — 3 гр. x 2
Шоколадты бисквиті үшін:
Жұмыртқа — 5 дана x 2
Шекер — 1 стақан x 2
Сүт — 1 стақан x 2
Сұйық май — 0,5 стақан x 2
Ұн — 1 стақан x 2
Какао — 2 асқасық x 2
Қопсытқыш — 10 гр. x 2
Ванилин — 3 гр. x 2
Креміне :
Сүзбе (творог) — 400 гр.
Сары май — 200 гр.
Қоюлатылған тәтті сүт (сгущека) — 1 құты (банка)
Ванилин — 3 гр.
Үстіне:
Крем шанти — 4 асқасық
Сүт — 100 мл
Какао — 3 — 4 асқасық
1.Ыдысымызға жұмыртқаларды салып, миксермен араластырамыз. Көпіре бастағанда шекерін салып, араластыруды тоқтатпаймыз. Әбден көпіріп, ағарғаннан кейін сүт және сұйық май құйып араластыра береміз. Ұн, ванилин және қопсытқыш салып, тағы да араластырамыз да, диметрі 26 см. ыдысымызға құйып, 180 дәрежеде ысып тұрған пешке салып, 40 минуттай пісіріп аламыз.
2. Шоколадты бисквитті де дәл жоғарыда көрсеткендей жасаймыз. Тек какао қосылғандықтан ұнның мөлшерін азайтамыз. Ыдысымызға жұмыртқаларды салып, миксермен араластырамыз. Көпіре бастағанда шекерін салып, араластыруды тоқтатпаймыз. Әбден көпіріп, ағарғаннан кейін сүт және сұйық май құйып араластыра береміз. Ұн, какао, ванилин және қопсытқыш салып, тағы да араластырамыз да, диаметрі 26 см. ыдысымызға құйып, 180 дәрежеде ысып тұрған пешке салып, 40 минуттай пісіріп аламыз.
3. Барлығы 4 бисквитті пісіріп алғаннан кейін, әбден салқындағанша күтеміз. 4 бисквитті бірдей пішінде ойып шығамыз. Суретте көрсетілген. Түсінікті деп ойлаймын. Кремін мына жолмен әзірлейміз. Алдымен сақина пішініндей кесіп алған ақ бисквитке дайын кремімізді жағып, оның ішіне қара бисквиттің кішірек кесілгенін орналастырамыз, тағы да крем жағып, ақ бисквиттің одан да кіші бөлігін орналастырамыз. Солай кезек-кезек, біреуі ақ, біреуі қара бисквитті араларына кремді молынан жағып орналастыра береміз. Осылайша біз 4 қатардан тұратын тортымыздың бірінші қатарын бітіріп, екінші қатарын бастаймыз. Бірінші қатарын ақ бисквиттен бастаған болсақ, екінші қатарын қара бисвитпен бастаймыз. солайынан алма кезек жасай береміз. 4 қатардан тұратын тортымыздың араларына да кремнен жағуды ұмытпаймыз.
4.Тортымызды құрастырып болғаннан кейін сыртын креммен қаптап тастаймыз. Мен сыртын қаптауға крем шанти ұнтағын қолдандым. 4 асқасық ұнтаққа 100 мл. сүт құйып, миксермен араластырғанда қою крем шығады. Егер шанти болмаса жоғарыда көрсетілеген сүзбелі кремнен тағы да жасап жіберіп қолдансаңыз болады. Рецепте көрсетілген крем тек тортты құрастыруға жетеді, сыртын жабуға жетпейді. Шанти таба алмаған жағдайда, сүзбелі кремнің жарты мөлшерін жасаңыз, яғни 100 гр сары май + 0,5 құты қоюлатылған сүт + 200 гр сүзбе + ванилин.
Тортымызды қаптап болғаннан кейін, төрт бұрышты пішінде қағазды кесіп алып, үстіне қойып, оның үстіне какао сеуіп, қойылған қағаздарды алып тастаймыз. Кем дегенде 2 сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз
20 желтоқсан 2019 ж. 390 0