Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сусабынды қалай таңдаймыз?

Сусабынды қалай таңдаймыз?

Сіз сусабын таңдаған кезде қандай қасиеттеріне назар аударасыз? Сусабынның сапасын қалай анықтауға болады? Бұлар кез келген қыз-келіншектің көкейінде жүрген көп сұрақтың бірі екені рас. Шашыңыз жылтырап, әдемі көріну үшін қандай сусабын керек екенін білмесеңіз, төмендегі кеңеске құлақ асыңыз. 
Алдымен, шаш теріңіздің типіне көңіл бөлгеніңіз жөн болмақ. Себебі дұрыс таңдалмаған сусабын шаш терісін құрғатып немесе майландырып жіберуі әбден мүмкін. Мәселен, сіздің теріңіз майлы болып, таңдағаныңыз ылғалдандыратын сусабын болса, онда тері майлылығы күшейе түседі. Себебі аталған сусабын құрамында майлы заттар болады. 
Кейде құрғақ шашқа арналған сусабын бас терісін одан сайын құрғатуы да ықтимал. Бұл шашқа жауапкершілік танытпайтыныңызды көрсетеді. Осы тұрғыда бас терісі мен сусабын құрамы үлкен маңызға ие. Ал сусабынды таңдап алдық, сапасын анықтағыңыз келе ме? Онда іске кірісіңіз! 
1. Стақанға не кесеге су құйыңыз. 
2. Суға бір қасық мөлшерінде сусабынды қосыңыз. 
3. Қоспа тұнғанша 10 минут күтіңіз. 
10 минут өткен соң сусабын ірімшікке ұқсас тұнбаға айналса, сусабынды тастау қажет. Мұндай сусабынның сапасы нашар. Ал сусабынның сапалы болғаны, сіздің саулығыңыз бен сұлулыңыңыз екенін ұмытпаңыз!
15 желтоқсан 2019 ж. 258 0