Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жаңа жылдағы демалыс күндер

Жаңа жылдағы демалыс күндер

Қазақстан үкіметі 2020 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс күндерін ауыстырды, – деп хабарлайды www.ktk.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.

Демалыс күні жексенбі, 5 қаңтардан жұма, 3 қаңтарға ауыстырылды. Яғни, қазақстандықтар Жаңа жылда 1, 2, 3, 4 қаңтар қатарынан төрт күн демалады. Ал 5 қаңтар, жексенбі жұмыс істейді.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 4 қаңтар да – жұмыс күні.

Сондай-ақ, мамыр мен желтоқсан айындағы демалыс күндері де өзгертілді.

Демалыс күндері: дүйсенбі, 11 мамырдан жұма, 8 мамырға;

2020 жылы жексенбі, 20 желтоқсаннан жұма, 18 желтоқсанға ауыстырылды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

07 қараша 2019 ж. 930 0