Тоңазытқышты таза ұстаудың үш сыры

Біріншіден, əрине, бұзылған тағамдар. Түрі əдемі көрінгенімен, сақтау мерзімі өткен тағамдарға абай болу керек. Əсіресе жұмыртқаның бұзылғанын білу қиынға соғады. Сырт көзге бəрі жақсы көрінгенімен, 10 дана жұмыртқаның арасынан қайсысы таза, қайсысы бұзылғанын анықтау мүмкін емес.
Екіншіден, иістің пайда болуына бірден-бір себеп – лас қорап жəне сұйықтық. Яғни төгілген сəтте сүртілмеген сұйықтық даққа айналады.
Үшінші себеп – тоңазытқыштың ұзақ уақыт қосылмауы. Тоңазытқышыңыздың бүлінбеуін қаласаңыз, осы 3 жағдайға мəн беріңіз.