КІШІ АСАР ҚАЛАШЫҒЫ
Шаған ауылының солтүстік-батыс беткейінде 5-6 шақырымда орналасқан қалашық б.э.д. ІҮ-І ғасырларды қамтиды. Қалашық археологиялық ескерткіш қатарына жатады. Аудан орталығынан 18 шақырымда тұр. Төбенің диаметрі 30 метр. Оңтүстік жағынан кіретін қақпа бар тәрізді. Ауыл тұрғыны Рамазан Аханұлы ағамыз бұл төбелер қолмен үйілгендігін айтты.
– Бұл әдейі үйілген. Жаугершілік заманда жаудың тұтқиылдан шабуылын үлкен бекіністерге жеткізіп, әскердің дайын болуы үшін белгі беру керек болған. Осы мақсатта дария бойында топырақтан төбе жасап немесе қорғандар тұрғызылып, сол арқылы бір-біріне белгі берілген. Төбенің ортасына отынды жинап қойған. Жау шапқанда белгі ретінде жағатын болған. Мұндай асарлар осы жерде ғана емес. Қармақшыдан әрі асып кете береді, - деген Рамазан аға төбе айналасы тегістегелгенде адамдардың сүйектері табылғандығын жеткізді. Қазіргі 8-бригаданың жерінде 1980 жылдары ММО (мелиоративно-механизированный отряд) жер тегістеу жұмыстарын жүргізіп, күріштік жерлер ашқан. Жас бригадир Р.Аханұлы осы жерде 13 гектар жерді тегістеткен. Сол кезде адамның сүйектері шығыпты.
– Жер тегістегенде Шахуал деген кісі скреперін (авт. жер тегістейтін техника) тастап қашқан еді. Шыққан сүйектерді отрядтың жігіттері киімдеріне салып дала қосына (полевой) алып келді. Бригадада Әбсадық деген күрішші болды. Жасы үлкен тұғын. Сол кісі Құран оқып, сүйектерді матаға орап, көмген болатынбыз, - деді зейнеткер.

Пікір 3