Қазақстанда 400 мың теңге жалақыны кімдер алады?
Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құраған. Биылғы жылдың І тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңге болған.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақыны кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазумен айналысатын жұмысшылар алады – 401,1 мың теңге. Бұл орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге жоғары.
Одан кейінгі орында қаржы және сақтандыру қызметі – 323 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге, көлік саласында – 218,2 мың теңге. Ал ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркеліп отыр – 93,2 мың теңге.
Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 44,7%-ке төмен. Өңірлер арасында ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 322,7 мың теңге, яғни орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге жоғары. Ең төменгі жалақы Түркістан облысында екен, 109,0 мың теңгені құраған.
www.ktk.kz