Сыр өңіріндегі елді мекендер ауыз сумен 100 пайыз қамтылған

Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар. Өткен жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 27 елді мекеннің екеуіне су тұщытқыш қондырғы орнатылды. Екі ауылдан елді мекен статусы алынып, оңтайландырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалған 23 елді мекенге жыл соңына дейін сапалы ауыз су жеткізу үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде.
Биыл «Ерімбетжаға», «Тастүбек», Шәкен, «Шилі», «Сарбұлақ», «Шитүбек» елді мекендеріне таза ауыз су қосу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі