Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сыр өңірі экономикалық даму көрсеткіштері бойынша үздіктер қатарында

Сыр өңірі экономикалық даму көрсеткіштері бойынша үздіктер қатарында

Биылғы 9 айдың қорытындысымен Қызылорда облысы экономикалық өсу қарқыны бойынша республика өңірлерінің үздік үштігінен орын алды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 4,7%-ға өсті. Қызылорда облысы тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша 3-ші орында, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша 4, ал құрылыс секторындағы жоғары өсімді қамтамасыз еткен өңірлер арасында 5-ші орында. Ведомство басшысы барлық экономикалық даму көрсеткіштерін есепке алғанда, Сыр өңірі алғашқы үштікте екенін атап өтті.

«Барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім 5 өңірде, атап айтқанда, Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында байқалды», - деді Әлібек Қуантыров.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: ашық дереккөзден
13 қазан 2023 ж. 419 0