Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құқық қорғау органдарына 7 аудит материалы жолданды

Құқық қорғау органдарына 7 аудит материалы жолданды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған қағиданың 122-1-тармағына сәйкесмемлекеттік аудит нәтижелері бойынша уәкілетті орган қабылдайтын материалдарда мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған кезде тиісті аудиторлық дәлелдері бар материалдарды қылмыстық қудалау органдарына беру уәкілетті органның нұсқамасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады. Материалдарды беру аудит объектілері дауларды реттеудің апелляциялық және сот тәртібін сақтағаннан кейін, сондай-ақ құқықтары сот тәртібімен аудиторлық іс-шаралармен қозғалған тұлғалары бар аудит объектілері жүзеге асырады.

Яғни, аудит объектісі және мүдделі тұлғалар тарапынан ішкі мемлекеттік аудит органдарының нұсқамасындағы заңды талаптары орындалған жағдайда аудит материалдары қылмыстық қудалау органдарына берілмейді.


Жыл басынан бері, яғни 2023 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен құқық қорғау органдарына барлығы 7 аудит материалдары жолданды.

Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаменті
31 наурыз 2023 ж. 333 0