LG компаниясы Қазақстанға көшірілуі мүмкін
LG Ресейдегі зауытты жауып, Қазақстанға немесе Өзбекстанға көшуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресейдегі санкциялар мен соғыс жағдайына байланысты Оңтүстік Кореялық тұрмыстық техника өндіруші LG компаниясы өндірісті басқа елге көшіруді жоспарлап отыр. Компания Өзбекстан мен Қазақстан арасында таңдау жасайды.

Бұл туралы Комерсант басылымы жазды. Компанияның зауыты Қазақстанда бұған дейін болған, бірақ ол 1998 жылдан бері жұмыс істемейді.
Деректерге сүйенсек, қазір Өзбекстанда Samsung жабдықтарын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Өндірістің Өзбекстанға берілуі арзан жұмыс күшінің арқасында тиімдірек десе, Қазақстанда төлем жасауға қабілетті тұтынушылардың көп болуы қызықтырып отыр.
Енді компания екі жақты да қарастырып жатыр. Бір деректерде компанияның қызметкерлері Ташкентке қоныс аударған делінсе, енді бір ақпараттар, таңдау Қазақстанға түсіп, өндірушісі компания Алматыда жаңа зауыт ашу жөнінде Цифрлық даму министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр деп хабарлайды.
Бұған дейін жазғанымыздай, Премьер-Министр Әлихан Смайлов Қазақстанға 56 халықаралық компания келеді деп айтқан болатын.