Елімізде сүт бағасы өсті
Елімізде сүт бағасы өсті. Сүт 9 пайызға, одан алынатын өнім құны 8 пайызға көтерілді, деп хабарлайды www.ktk.kz.
Ал өндірушілер жылда осыншама пайызға өсуі қалыпты жағдай деп отыр. Шығынды тек бағаны көтеру арқылы жабуға болады екен.
Дінмұхаммед Айсауытов, Қазақстанның сүт одағының өкілі:
- Сүт пен сүт өнімдерінің бағасы жыл сайын өсіп отырады. Бірақ қымбаттады деуге келмейді. Негізінен инфляцияға байланысты. Осыған орай барлық кәсіптегі әр өндіруші өнімдеріне өзіндік құнын белгілейді. Ал ағарғанның бағасы өсіруіне бірнеше факторлардың әсері бар. Оның алғашқысына жарық көздері мен бензиннің қымбаттауы себеп.
Сүт одағы өкілінің айтуынша, елімізде өндірілетін сүттің 70 пайызға жуығының сапасы әлі де санитарлық талапқа сай келмейді. Сондықтан шикізатты көрінгеннен емес, ірі шаруа қожалықтарынан сатып алады екен. Зауыттарда өңделген өнім дүкен сөрелеріне жеткенше қып-қызыл шығын деп қынжылады.
Қымбаттап кеткен электр қуаты мен жанармайға жұмсалған шығынды жабу үшін амалсыздан өнімнің бағасын өсіруге мәжбүр екен. Инфляцияға сай индексациялайды.
Ресей мен Қырғызстаннан келген сүт өнімдері де 6-8 пайызға өскен. Ал елімізде соңғы үш айда 150 мың тонна сүт пен кілегей өндіріліпті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 9 пайызға көп.
Аймақ бойынша ағарғанды дайындауда Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары көш басында тұр.