Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавируспен күреске қосымша 238,7 миллиард теңге бөлінеді

Коронавируспен күреске қосымша 238,7 миллиард теңге бөлінеді

Мәжіліс депутаттары 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатта коронавируспен күреске қосымша 238,7 миллиард теңге бөлу қарастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов нақтылаудың негізгі міндеті медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқыны үшін тиісті шаралар қабылдау екенін айтты.

Осы мәселелерді шешу үшін қосымша шығындар 238,7 млрд теңгеге қарастырылған. Оның 143,4 млрд теңгесі карантиндік шараларға қатысқан дәрігерлерге қосымша төлемдер төлеуге жұмсалмақ.

Вирустың таралуын болдырмау мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеуге 83,2 млрд теңге және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемиологияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақы төлеуге 11,7 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 261,7 млрд теңгеге де шығындар қарастырылған. Бұл қаражат экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға бағытталады деп жоспарлануда.


Республикалық бюджеттің түсімдері 185 млрд теңгеге көбейтіліп, 12 трлн теңгені құрады.

Республикалық бюджеттің тапшылығы ішкі жалпы өнімнің 3,5% деңгейінде сақталды.

Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 205 млрд теңгеге ұлғайтылды және 14,5 трлн теңгені құрады.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 143 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 766-ға жетіп отыр.


21 қазан 2020 ж. 419 0