ГИННЕС КІТАБЫНА ЕНГЕН ЖЕТКІНЖЕК
57 размерлі аяқ киім киетін 16 жастағы Берлин тұрғыны Гиннестің рекордтара кітабына енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның табанының өзі 35 сантиметр. Сондықтан жеткіншек аяқ киімді арнайы тапсырыспен 1 200 еуроға тіктіреді екен. Ларсаның анасының айтуынша, ұсталықта оқитын болғандықтан оған сапасы жақсы аяқ киім керек.
Ларс аяқ өлшемінің үлкен болғанына ешренжімейді, керісініше қуанады. Бірақ аяғы үлкен болғаны үшін кейін оған көлік айдау куәлігі берілмеуі немесе белгілі бір спорттарға қатыса да алмауы мүмкін екен.
"Бірде мені қауіпсіздік қорғау қызметкерлері өткізбей қойған болатын. Олар менің аяғым үлкен дегеніме сенбейді. Бәтеңкемнің үлкендігіне қарап, ішіне бірдеңе салып алған деп ойлаған",- дейді Ларс.