Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Резеңке" қызанақ ашуға тиді

"Резеңке" қызанақ ашуға тиді

Қырғызстанда әлеуметтік желі қолданушылары "резеңке" қызанақтарды қызу талқылап жатыр.
Видеода әйел піспеген қызанақты базардан сатып алғанын айтады, деп жазады Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап sputniknews.kz.
"Қызанақты турап едік, іші жап-жасыл. Әлі піспеген шығар деп ойладым, алайда резеңке сияқты созылып жатыр, өте күмәнді. Абай болыңыздар", - деп ескертті видео авторы.Sputnik Қырғызстан тілшілері еңбек өтілі мол агроном Авазбек Қасымовтан видеодағы жағдайды түсіндіріп беруін сұрады.
Видеоны көрген маман көкөністің химиялық өңдеуден өткен болуы мүмкін екенін топшылады.
"Тауарды өткізу үшін 70-80 процент піскен қызанақтардың қабығын өңдеп жатады. Білуімше, мұндай заттар КСРО заманында да пайдаланылған. Видеодан қызанақтың жасыл, яғни мүлдем піспегені байқалып тұр. Қазіргі фермерлер мен сатушылар тезірек пайда табу үшін көкөністі өңдейтіні анық", - дейді агроном.
Қасымов химиялық заттарды дұрыс қолданбағаннан, көкөніс бүлініп, "резеңкеге" айналғанын атап өтті.
14 шілде 2019 ж. 801 0