Қария қажылыққа жинаған ақшасына көршісіне үй салып берді
Соғды облысы Румон ауылының 75 жастағы тұрғыны Мирзоэргаш Неъматов өзі көптен аңсаған Мекке мен Мединаға қажылықтың орнына жиналған қаржысына көршісіне үй салып беруді жөн көрді.
Қарияның мүгедек көршісі көп уақыттан бері құлайын деп тұрған үйде тұрып жатыр. Сондай-ақ, оның кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар.
"Менің күйеуім туабіткен мүгедек. Біздің кәмелеттік жасқа толмаған екі баламыз бар. Күйеуім мүгедектік бойынша зейнетақы алмайды. Ал мен ауыл мектебінде еден жуушы болып жұмыс жасаймын. Айына 31 доллар табамын. Бұл ақша өмір сүруге жете бермейді. Оның үстіне үйіміз ескі, құлайын деп тұр. Көмек қолын созған көршіме рахмет", - деді Румон ауылының тұрғыны Муборак Файзиева.
Ал Рамазан айында қайырымды іс жасаған қария өз кезегінде бұл шешімі үшін өкінбейтінін жеткізді. Сондай-ақ, ол үй салып қана қоймай, мұқтаж отбасыға жиһаз сатып алып беруге дайын екенін жеткізді.
"Сіздің жақын адамдарыңыз - ата-ана, бала, туған-туыс және көршілеріңіз бірнәрсеге мұқтаж болса, қажылыққа баруға болмайды. Сол себепті мен өзімнің жақын көршіме көмектесемін. Алла жазса қажылыққа кейін де барармын", - дед Мирзоэргаш Рахматов.
www.ktk.kz