Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер анасының құрсағында жатқан cәбиге ота жасады

Дәрігерлер анасының құрсағында жатқан cәбиге ота жасады

Британияда дәрігерлер анасының құрсағында жатқан балаға ота жасады.

Ұлыбританияда дәрігерлер аз инвазивті хирургия технологиясымен ананың құрағында жатқан сәбиге ота жасады. Мамандар шақалақтың омыртқасын қалпына келтірді. 

28 жастағы әйелдің 20 апталық жүктілігінде баланың омыртқасының дұрыс жетілмегені байқалды. 27 апталық кезінде ота жасалды. 

Дәрігерлер мұндай отаны неғұрлым ертерек жасаған сайын бала денаулығы үшін соғұрлым пайдалы екенін айтады. Бұған дейін осындай ота жасату үшін ағылшындарға АҚШ, Бельгия, Швейцарияға баруға тура келетін. 

Бұған дейін дәрігерлердің Ұлыбританияда шаранаға ота жасап, қайта анасының құрсағына салғанын жазған едік.

stan.kz
20 мамыр 2019 ж. 859 0