Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Миллион сөзі қалай пайда болды?

Миллион сөзі қалай пайда болды?

Миллион сөзін ойлап тауып, қолданысқа енгізген – әлемге әйгілі саяxатшы Марко Поло.

Ағайынды Николо мен Маффео Поло және Николоның баласы Марко үшеуі Рим папасының арнайы тапсырмасымен Қытайға аттанады. Қазіргідей лезде ұшып бара қоймайды ол кездегі жиһанкездер. 3,5-4 жыл дегенде әрең жетіпті әлгілер қазіргі Бейжіңге. Ал ол кезде ұлан-асыр жерге Шыңғыс xанның немересі Құбылай xан әмірлік етіп отырған.

Марко Полоның жасы шамамен жиырмаларда. Жедел жергілікті тілді меңгеріп, мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып, 17 жыл бойы xанның қол астында адал қызмет етеді. Ханмен бірге жүріп, бірге тұрып, Қытайдың о шеті мен бұ шетін өз көзімен көріп-білген жиһанкез кейін соның бәрін Италияға қайта оралғанда айтып береді. Қытайдың xаны өте бай, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес демей ме... Жауабына разы болмайды естуші құлақ. "Мильоне!" – дейді сол кезде байлықтың бәрін санмен сөйлеткісі келген ол. ⠀ Милле – итальянша мың деген сөз. Мильоне деп тұрғаны сондағысы мыңның мың есесі екен.

massaget.kz

08 мамыр 2019 ж. 847 0