БАҚ: Лукашенко Путинге ренжіп, Бейжіңдегі форумнан кетіп қалды

Белоруссия көшбасшысы Александр Лукашенконының форумның ашылу салтанатында және бірге түскен суреттен оның аса бір көңілді жүргені байқалмаған.
Сонымен қатар журналистер халықаралық шараның екінші күнінде барлық мемлекет басшылары жиналған үлкен үстел басындағы отырыста Лукашенконы таппай қалған, Беларусь президенті тіпті, көшбасшылардың екінші рет бірге түскен ортақ суртінен де көрінбеген.
Журналист Сергея Доренконың Телеграм-арнасына сілтеме жасаған dni.ru сайтының жазуынша, Лукашенко ренжіп қалған.
"Лукашенконың ұшағы асығыс Минске ұшып кеткен сияқты. Лукашенко сенбідегі барлық шараларды жіберіп алды (...) Бұл әрекетте Путинге деген реніш тұр. Путин кездесуден жалтарды", - деді басылым.