Қарбыз туралы 25 қызықты мәлімет
Қарбыз – дөңгелек, төртбұрышты, үлкен, кішкентай және қызыл, сары, қызғылт және тіпті қара болады. «Қарбыз» сөзінің қандай мағына білдіретінін білесіздер ме? Және қарбыз не себепті қызыл түсті? Төртбұрышты қарбызды қалай өсіруге болады? Stan.kz назарларыңызға осы жолақты жемістер туралы сіз білмеген басқа да қызықты мәліметтер ұсынады.
- Қарбыз 92 пайызға судан тұрады. Салыстырып қарасақ, медузаның денесі шамамен 95%, жаңа туылған нәрестенің ағзасы - 80%, ал ересек адам ағзасы 65-70% суды құрайды.
- Қарбыздың еті жеңіл сіңірілетін табиғи қанттардың 5,5-13% -ын құрайды. Пісетін сәтте фруктоза мен глюкоза басым болады, ал сахароза қарбызды сақтау кезінде жиналады. Піскен жемістер ұйқы безінде инсулин кернеуін тудырмайтын фруктозамен қаныққан. Сондықтан қант диабеті кезінде де аздап қарбыз жеуге болады.
- Қарбыз мәйегіне қызыл түсті каротеноидты ликопен пигменті береді. Ол басқа да жаңа піскен жемістер мен көкөністерге қарағанда қарбызда көбірек болады. Ликопин қызыл пигменті үлкен мөлшерде де кездеседі және қызанақ, гуава, грейпфрут түсін анықтайды.
- Қарбыз парсы тілінен алынған түріктің χarbuz/karpuz сөзінен шыққан. Парсы тіліндегі «харбуза» сөзі «қауын» деп аударылады және бұл сөздің дәлме-дәл мағынасы «қияр» немесе «есектің көлеміндей қияр» дегенді білдіреді.
- Қарбыздың отаны Оңтүстік Африкадағы Калахари шөлі. Онда осы күнге дейін теннис добының көлеміндей және салмағы шамамен 200 грамм болатын кішкентай жабайы қарбыздарды кездестіруге болады. Осыдан 4000 жыл бұрын қарбызды Ежелгі Египетте өсіре бастады. Ал мысыр мазарларында табылған қарбыздардың тұқымдары мен суреттері осыған дәлел. Бір қызығы, мысырлықтар кейінгі өмірде азық көзі болсын деп көбінесе фараондардың қабіріне қарбыз қойған. Кейінірек Парсы (Иран), Арабия, Үндістан және климаты құрғақ және ыстық басқа да Азия елдерінде қарбыз өсіріле бастады.
- Қарбыз Батыс Еуропаға 700-900 жыл бұрын крест жорықтары дәуірінде әкелінді. Ал Ресейге шығыс және оңтүстік елдерден Астрахань арқылы теңіз жолымен жеткізіді. Бірақ, оларды басқа елдерден импорттамай, қолда өсіру 17 ғасырдың ортасында ғана басталды. Сол уақытқа қарбызды балғын кезінде жемеген. Ол патша сарайына шетелден ұзақ уақытта жеткізілгендіктен, олар балғындығын жоғалтып, жас кезінде тұтынуға жарамсыз болды. Сондықтан, қарбызды ұзақ уақыт суда ұстағаннан кейін және дәмдеуіштер мен бұрышы бар қант шәрбатында қайнатқаннан кейін кейін ғана жеген. Тіпті, қарбызды Ресейде өсіре бастағанда да, оларды ұзақ уақыт бойы балғын кезінде жемеген. Тек қант шәрбатына салынғаннан кейін ғана жеуге қойған.
- Вьетнамда қарбызға қатысты қызықты дәстүр бар. Олар вьетнамдық Жаңа жылды тойлау барысында дастарханға міндетті түрде қарбыз қояды. Қарбыздың қызыл түсі сәттілік әкеледі деп есептеледі. Ал қарбыз тұқымын тіскебасар ретінде қолданады.
- Украинаның Херсон облысында қарбызға арналған ескерткіш бар. Херсон қарбыздары бүкіл Украинада және одан тыс жерлерде бұрыннан танымал болған.
- Қарбыз – жеміс пе, әлде жидек пе, жоқ әлде көкөніс пе? Барлық белгілі ғылымдардың пікірі бойынша, қарбыз ең үлкен жидек. Шынында да, қарбыздың жемісі – көптұқымды шырынды асқабақ. Морфологиялық түрде асқабақ жидекке ұқсайды, бірақ одан көптеген тұқымдар мен жеміс қабығының құрылымы бойынша өзгешеленіп тұрады. Сондықтан, ботаникалық тұрғыдан, қарбыз жемістерін жидек деп атау мүлдем дұрыс емес. Қарбыз –бір жылдық қарапайым шөпті өсімдік, яғни асқабақ тұқымды бақша дақылы.
- Бүгінде әлемнің 96 елінде қарбыздың 1200-ден астам түрі бар. Бұл негізінен жылы климатты елдер.
- Қарбызға ыстық климат пен толық пісуіне ұзақ уақыт қажет. Оларды жер жылынғаннан кейін, аяз болмайтынына сенімді болғанда ғана отырғызады. Қарбыздар қысы қысқа, ұзақ ыстықты және құрғақ жазды далалы жерлер мен Жерорта теңізі климатында өсіріледі.
- Қарбыз, қауын, асқабақ секілді бақша дақылдарының жаһандық өндірісі жылдан жылға өсіп келеді. Қытай ауқымды ауыл шаруашылық алқаптары мен арзан еңбек күшінің және қытайлықтардың еңбекқорлығының арқасында қарбыз өндіруден және сатудан әлемде бірінші орында тұр. Екінші орында 17 есе айырмашылықпен Түркия тұр.
- Сұрыбына байланысты қарбыз жемісі пішіні, көлемі мен түсі бойынша әр түрлі болады. Қарбыз дөңгелек, сопақ, жалпақ немесе цилиндр пішінді болуы мүмкін. Қарбыз қабығының түсі ақ және сары түстен жолақ, дақтар мен тор түріндегі сызықтары бар қою жасыл түске дейін өзгереді. Ал қарбыздың мәйегі қызғылт, қызыл, бірақ кейде сары немесе тіпті қызғылт сары түсті болады.
- Сары қарбыздар қарапайым қарбыз бен жеу мүмкін емес жабайы сары қарбыздың шағылысуы нәтижесінде пайда болған. Қазір Испания мен Таиландта мәйегі сары қарбыз өсіріледі. Испанияда олар жазда, дөңгелек пішінді болып өседі. Ал Таиландта олар қыста өсіріледі және сопақ болады. Таиландта сары түсті қарбыз әсіресе, қытайлықтар араласында қатты танымал. Және ол кәдімгі қарбыздан 2 есе қымбат тұрады, өйткені сары түс алтын мен байлықты білдіреді.
- Украинада да сары қарбыздар өсіру бойынша тәжірибелер жүргізілді. Украиналық селекционерлерде іші сары, дәмі мен түрі асқабаққа келетін, ал хош иісі қарбызға ұқсайтын «Кавбуз» деген ерекше будан шықты. Бұл сұрып ботқа жасауға жақсы жарайды.
- Сондай-ақ, селекционер қара қарбызды да өсіріп көрді. Бұл ерекше қарбыз сирек кездесетін Densuke сұрыбына жатады және тек Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралында ғана өсіріледі. Қара қарбыз егіні, әдетте, жылына 10 000 дана болады. Densuke сұрыбының негізгі айырмашылығы – қарбыздың басқа сорттарына ұқсамайтын дәмі мен қабығының кәдімгі қарбыздарда болатын қарапайым жолақтарсыз тегіс, әрі қара дақ болып келуінде. Қара қарбыздың мәйегі қызғылт түсті үгілгіш болады. Оның тұқымы аз және тәттілік дәрежесі бойынша кәдімгі қарбыздан ерекшеленеді. Қара қарбыздың жемісі дөңгелек болады және салмағы 11 келіге дейін тартады. Жапонияда қара қарбыздар сән-салтанат ретінде саналады және әдетте сыйлық ретінде беріледі. Нарықта және дүкенде олардың орташа бағасы шамамен 250 долларды құрайды. Ал 2008 жылдың маусымында салмағы 8 келі тартқан қарбыздың алғашқы өсірілген жемісінің бірі аукционда 650 000 жапон иенына сатылды! Бұл қарбызды сірә, Жапонияда және бүкіл әлемде сатылған ең қымбат қарбыз деп атауға болатын шығар.
- Жапондықтардың тағы бір өнертабысы – төртбұрышты қарбыздар. Алғашқы төртбұрыш қарбыздар 30 жыл бұрын Жапонияның Сикоку аралындағы Кагава префектурасында өсірілді. Содан кейін олар БАӘ, Бразилия, Ұлыбритания және басқа да Еуропа елдерінде пайда болды. Қарапайым дөңгелек қарбыздар жиі домалап кетеді және оларды тоңазытқышта сақтау немесе тасымалдау ыңғайсыз. Сондықтан, жапондық фермерлер текше тәріздес арнайы шыны ыдыстарға қарбыз түйінін салып, өсіре бастады. Өсу процесінде жемістер жапон тоңазытқыштарының сөрелерімен бірдей мөлшерде болатын қораптар пішінінде болды. Сонымен қатар, осындай қарбыздардың дәмдік қасиеттері қарапайым қарбыздардан өзгеше емес. Кез келген адам өз үйінде төртбұрышты қарбыз өсіре алады. Бұл үшін, қарбыз түйіні теннис допының көлеміне жеткенде, оны мөлдір қорапқа, төртбұрышты шыны немесе пластик ыдысқа салу керек. Қораптың көлемі кемінде 20x20x20 см, ал қақпағы тығыз жабылатындай болуы керек. Сондай-ақ, қорап жақсы желдетілуі тиіс және онда сабағына арналған саңылау болуы қажет. Дәл осындай әдіспен, пирамида немесе конус тәрізді қарбыз, қауын, асқабақ, кабачки, қызанақ, қияр өсіруге болады. Төртбұрышты қарбыздар сақтағанға және тасымалдауға өте ыңғайлы. Олар тоңазытқыштың сөресіне оңай сыйып кетеді, аз орын алады және үстелде домалап кетпейді. Сондай-ақ, оларды өсіру қаржы тұрғысынан да тиімді. Бірақ, төртбұрышты қарбыздар кәдімді қарбыздан әлдеқайда қымбат тұрады. Оның бағасы 50-ден 300 долларға дейін бағалады, бірақ олар үлкен сұранысқа ие.
- Қарбыздың орташа салмағы 5-тен 10 келіге дейін тартады. Бірақ, кейде бұдан аз немесе көп болады. Ал әлемдегі ең үлкен қарбыз АҚШ-та өсірілді. Арканзас штатынан шыққан америкалық фермер Ллойд Брайт 2005 жылы салмағы 122 кг болатын Каролина-Кросс сұрыбының қарбызын өсірді. 2006 жылдың көктемінде бұл қарбыз Гиннестің рекордтар кітабына енді.
- Дегенмен, үлкен қарбыздардан басқа, кішкентай қарбыздар да болады. Оңтүстік Америкада ұсындығы 3-4 сантиметр болатын Pepquinos деп аталатын қарбыз өсіріледі. Дәмі бойынша олар жаңа піскен қиярға ұқсайды және түрлі салаттар мен шербет немесе тәтті тағамдар дайындау үшін қымбат мейрамханаларда жиі қолданылады. Оларды Еуропаға 1987 жылы Голландияның Koppert Cress компаниясы әкелген, содан кейін компания олардың тұқымын сата бастады. Соңғы уақытта бұл шағын қарбызды АҚШ пен Азияда да өсіретін болды. Бірақ, олар қазірдің өзінде танымал.
- Халық арасында қарбыздың «аналығы» және «аталығы» бар деген түсінік қалыптасқан. Көпшілігі «аналық» қарбыздар тәттірек және онда сүйек аз болады деп есептейді. Шын мәнінде, бұл аңыз. Әсіресе, қарбыздың бір ұялы өсімдік екенін ескерсек, оның аналығы мен аталығы болады деген түсінік жай ғана ойдан шығарылған әңгіме. Қарбыздың гүлдері бір жынысты болып табылады, яғни оларда аталық немесе аналық гүл болады. Ал аталығында тек қана шөптер ғана болғандықтан, оларда жеміс шықпайды. Шын мәнінде, барлық қарбыздардың жемісі – аналық, өйткені жеміс аналық гүлден қалыптасады.
- Қарбыз аз калориялы өнім. 100 грамм қарбызда 30-38 калория бар. Оның үстіне, қарбыз – пайдалы диеталық өнім. Тіпті, ағзадағы токсиндер мен уытты заттарды шығарып, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартатын және салмақ тастауға көмектесетін «қарбыз диетасы» да бар.
- Дәрігерлер, қарсы көрсеткішбер болмаған жағдайда, ересек адам тәулігіне 2-2,5 келі балғын қарбыз жей алады деп есептейді.
- Қарбыздан көптеген дәмді және пайдалы тағамдар жасауға болады. Мысалы, қарбыздан түрлі салаттар, гаспачо, шырын, шербет, тосап және қарбыз қабығынан жасалатын цукат, қарбыз балы, тіпті сусындарға арналған мұз жасайды. Қарбызды, тіпті тұздап, консервілеп, маринадтайды.
- Қарбыз мәйегінен «нардек» деп аталатын ерекше бал жасайды. Оны қарбыз мәйегінен алынатын қарбыз сөлін бал секілді қою болғанға дейін буда былбырату арқылы дайындайды. 1 келі қарбыз балын алу үшін сізге 16-17 келі тәтті қарбыз мәйегі керек. Бірақ, бұл бал дегенде 60% қанттан тұратындықтан, оны қант диабетімен ауыратындар жеуге кеңес берілмейді.
- Азиялық карвинг шеберлері керемет мүсіндер мен гүлдер жасау үшін жиі қарбызды пайдаланады. Карвинг – жемістер мен көкөністерді көркемдеп кескіндеу өнері болып табылады. Бұл өнер Қытайда 2000 жыл бұрын пайда болды, ал 1364 жылы Таиландта жемістерді осылай әшекейлей бастады. 1932 жылға дейін бұл өнер түрі тек патшалық салтанаттарды безендіру үшін ғана қолданылған. Қазір көкөністер мен жемістерді кескіндету өнері әлемнің әртүрлі елдерінде игерілді.