Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Юлия Началованың әкесі әншінің неден қайтыс болғанын айтты

Юлия Началованың әкесі әншінің неден қайтыс болғанын айтты

Ресейлік әнші Юлия Началованың әкесі оның өлімінің себебін атады.

Юлия Началова
Бұл туралы «Москва» қалалық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Өлімінің себебі – абсцесс (қабыну процесінің салдарынан ағзаларда немесе тіндерде ірің жиналып қалуы – ред.). Қоштасу рәсімі мен жерлеу рәсімі қашан өтетінін кейін хабарлаймыз», - дейді Виктор Началов.
Еске сала кетсек, ресейлік әнші Юлия Началова сенбі, 16 наурызда, 39 жасында қайтыс болды. 11 наурызда әншінің қанындағы қант мөлшері күрт жоғарылап кетіп, аяғы іріңдей бастағандықтан, ол ауруханаға жатқызылған. Әртіс 13 наурыздан бері жасанды комада болыпты. Сенбі күні оған ота жасалып, Юлия Началова ес жимастан қайтыс болды.
17 наурыз 2019 ж. 1 123 0