Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 наурызда зодиак белгілеріне қарай әйелдерге қандай сыйлық сыйлау керек?

8 наурызда зодиак белгілеріне қарай әйелдерге қандай сыйлық сыйлау керек?

Көп адамдар 8-ші наурызда жақындары мен құрбыларын сыйлықпен қуантуды қалайды. Қай зодиак белгісіне қандай сыйлық сыйлау керегін Fatelines сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

1. Тоқты
Сүйіктіңіз немесе құрбыңыз тоқты болса, оған жағу оңай емес. Ол сыйлықтың өзіне ғана емес, оның қалай безендіріліп, қалай ұсынылғанына да мән береді. Оны қызыл түсті қағазға орасаңыз дұрыс болады. Негізі қызыл түс оның сүйікті түстерінің бірі. Оған бижутерия немесе қымбат әшекей сыйласаңыз, қателеспейсіз.
2. Торпақ
Торпақтар кәдеге жарайтын сыйлықтарды ұнатады. Сондықтан оған блендер немесе шырын сыққыш, қызықты кітап сыйлауға болады. Егер құрбыңыз жас болса, онда оған былғары әмиян сыйлаңыз.
3. Егіздер
Егіздерге сыйлық таңдау қиын. Ол тосын сыйларды жақсы көреді. Дегенмен оған зергерлік бұйым сыйласаңыз, қателеспейсіз. Иіссу таңдауда біраз мұқият болған абзал. Себебі ол күндіз классикалық иістерді ұнатса, кешкі уақытта заманауи иістерді ұнатады.
4. Шаян
Бұл ханымдар да, торпақтар сынды пайдалы сыйлықтарды ұнатады. 8 наурызға асхана комбайнын немесе сәнді етіп безендірілген кітап сыйласаңыз, қателеспейсіз. Сондай-ақ әмиян немесе ақша жинайтын қобдиша да көңілінен шығады.
5. Арыстан
Оның көңілінен шығу үшін шығындануға тура келеді. Бұл зодиак белгісіндегі әйелдер қымбат сыйлықтар ұнатады. Антикварлы зат немесе алтыннан жасалған зергерлік бұйым сыйлаған абзал. Белсенді болса, оған спорттық құрылғы немесе жаттығу құралын сыйласаңыз, қателеспейсіз. Гүл таңдауда да ең әдемісін алған жөн.
6. Бикеш
Олар үшін сыйлық емес, оның қаншалықты пайдалы екені маңызды. Кәдеге жарамайтын заттар оған ұнамайды. Оларға тұрмыстық техника, қолғап, немесе қызығушылығы жайындағы кітап ұнауы мүмкін. Бикешке қорықпастан косметика алуға болады, ал жұлдыздар иіссуді алуға кеңес бермейді.
7. Таразы
Бұл ханымдар ерекше сыйлық алғанды ұнатады. Әдетте ол қандай сыйлық қалайтынын алдын ала айтып қояды. Тамақ әзірлеуді ұнататын болса, оған жақсы дастархан, ыдыс-аяқ сыйлауға болады. Қымбат косметика мен әдемі әшекейлер де оның көңілінен шығатыны сөзсіз.
8. Сарышаян
Бұл зодиак белгісінің арулары өздері жайлы көп айтпай, құпиялықты сақтағанды ұнатады. Олар тәтіні ұнататындықтан, қымбат кәмпит сыйлауға болады. Дұрысы өзін ертіп барып, қалағанын алып берген жөн.
9. Мерген
Мергендерге сыйлық таңдамас бұрын олардың саяхаттауды және естелік сыйлықтарды ұнататынын ұмытпаңыз. Оларға сурет альбомын сыйласаңыз, қателеспейсіз. Ал әшекей сыйлағыңыз келсе, ең қымбатын таңдаңыз. Гүлдердер бақытгүл немесе гладиолус сыйласаңыз қателеспейсіз.
10. Тауешкі
ОларғақҚымбат қалам немесе ноутбук сыйлауға болады. Күннен қорғайтын көзілдірік, былғары сөмке немесе әшекейлер де көңілінен шығады. Олар классикалық стильді ұнатады.
11. Суқұйғыш
Суқұйғыштарға жаңа дүниелер ұнайды. Сондықтан қорықпай жаңа иіссу сыйлауға болады. Олар сондай-ақ, косметика, сүйікті музыкасы жазылған жинақты да ұнатады. Ал сыйлыққа оның есімінің бас әріптерін жазғызсаңыз, бақыттан төбесі көкке жетуі мүмкін.
12. Балықтар
Олардың ішкі түйсіктері жақсы дамыған, оған фен-шуй жайында кітап, тұмар, табыс пен байлық шақыратын мүсіншелер сыйлауға болады. Сондай-ақ сыйлыққа күлгінтасты әшекей, иісмайлар тарту етсеңіз көңілінен шығасыз.

kaz.nur.kz

07 наурыз 2019 ж. 1 520 0