Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Вашингтон метросында қуатты жарылыс болды

Вашингтон метросында қуатты жарылыс болды

Вашингтон метросының Росслин стансасында қуатты жарылыс болды. Бұл туралы хабар BreakingNLive туиттер-аккаунтында жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс өте қуатты болған. Арнайы қызметтер жақын маңдағы көшелерді жауып тастады. «Автобус жүргізушісінің айтуынша, бұл трансформатор болуы керек», - дейді куәгерлердің бірі.

News Flash порталының хабарлауынша, трансформатордың жарылғанын полицейлер де растаған. Вашингтон метрополитені қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бұл оқиға жерасты көлігіне қатысты емес.

Келеңсіз жағдайдың егжей-тегжейі тексеріліп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

www.inform.kz
06 ақпан 2019 ж. 823 0