Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалдықсыз сән әлемі

Қалдықсыз сән әлемі

Бос бөтелкелерден, қораптардан және ескі техникадан киім мен аксессуарларды жасауға болатын болатынын білесіз бе? 

Бельгиялық дизайнер Себастьян де Небур күнге қарсы көзілдіріктерді өндіру үшін сондай қалдықтарды пайдаланады. Ол көзілдіріктің мөлдір жиегін жасау үшін газдалған сусындардың банкаларын, ақ көзілдірік жасау үшін тоңазытқыштың бөлшектерін, ал қара түрі үшін автомобильдің аспаптар панелінің бөліктерін пайдаланады.

«Менің ойымша, қалдықтардың пайда болуы жобалаудағы қателіктерге байланысты. Болашақта қалдық деген ұғым мүлде жоғалатынына сенімдімін.  Осы көзілдіріктерді жасау арқылы мұндай жолмен өндірілген аксессуарлар мен киімдердің әдемі әрі қолжетімді болуы мүмкін екендігін көрсеткім келеді», дейді де Небур.

Том Дюу да қалдықтардан киім жасайды. Ол өз бренді үшін джинсыды... қайта өңделген джинстерден жасайды. Сондай-ақ матаның құрамына ағаш жоңқасының талшықтары кіреді. Осылайша, HNST брендінің иелері айтқандай, олардың бір джинстерін жасауға кәдімгі шалбарларды өндіруге қарағанда 6000 литр су аз жұмсалады.

«Міне, біз мақтаны шын мәнінде қайдан аламыз?! Бұл өсімдікті өсіру үшін көп су қажет, сондықтан біз мақтаны ескі джинстерден аламыз»,  деді Дюу. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының есептеуінше, сәнді индустрия 20% қалдық суларды және 10% көмірқышқыл газының қалдығын шығарады.

Бұл көрсеткіш халықаралық әуе қатынасы мен теңіз кеме қатынасынан пайда болатын ластану мөлшерінен көп.

egemen.kz

11 желтоқсан 2018 ж. 996 0