Өзбекстан Президенті Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлерін марапаттады

Марапаттар Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара құрмет, сенім және тату көршілік қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
«Дўстлик» орденімен марапатталғандар:
Қарин Ерлан Тынымбайұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі;
Желдібай Руслан Сұлтанұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
Жұманғарин Серік Мақашұлы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;
Балаева Аида Ғалымқызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;
Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
Хашимжанов Икрам Акрамұлы, Қазақстан Республикасы өзбектер этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы.
Фото:t.me/Press_Secretary_Uz