Венгрияда жанармай бизнесі тұралады

Өйткені елге шикізат келмей жатыр. Әсіресе тапшылық елдің батысында қатты сезілуде. Украинадағы қақтығыс басталғалы мажар мемлекеті Ресей өнімінен біржола бас тартты. Үкімет жанармай мен дизель отынының 1 литрін 480 форинттен асырмау керек деген шектеу енгізді. Бұл АҚШ валютасына шаққанда 1,2 доллар. Осы шектеуге байланысты артық пайда таба алмаған компаниялар бірінен соң бірі жабылып жатыр.
– Газ бекетін ұстап тұру қазір ауыртпалыққа айналды. Табыс таппақ түгілі, күн көре алмай қалдық. Үкімет те ешқандай көмек беріп жатқан жоқ.