Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Португалияда Қорғаныс министрі қызметіне алғаш рет әйел тағайындалды

Португалияда Қорғаныс министрі қызметіне алғаш рет әйел тағайындалды

Португалияның Премьер-Министрі Антониу Кошта ел үкіметінің жаңа құрамын таныстырды. Осылайша, ел тарихында алғаш рет Ұлттық қорғаныс министрлігін әйел басқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Португалия Президентінің веб-сайтында жарияланған тізімге сәйкес, атқарушы билікті Премьер-министр және 17 министр ұсынады. Олардың 9-ы – әйел, оның ішінде Ұлттық қорғаныс министрі – Элена Каррейрас та бар.

Португалияның жаңа үкіметін ұлықтау рәсімі келесі аптада өтеді.

Элена Каррерас 1965 жылы Португалияның Порталегри қаласында дүниеге келген. Ол әскери әлеуметтану маманы, НАТО Қарулы Күштеріндегі гендерлік интеграция саясаты туралы диссертация қорғады. 2019 жылдың шілдесінде Каррерас Ұлттық қорғаныс институтын басқарды, ол осы лауазымда да алғашқы әйел болған.
24 наурыз 2022 ж. 1 081 0