Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та маска тағу мәселесі дауға ұласты

АҚШ-та маска тағу мәселесі дауға ұласты

АҚШ-та маска тағу режимін жеңілдету шешімі дау тудыра бастады, деп хабарлайды 24.kz.

Жуырда құрама штаттың бірнеше өңірінде балаларға мектептерде бетпердесіз жүруге мүмкіндік берілген еді. Олардың қатарында Нью-Джерси, Делавэр, Калифорния, Орегона мен Коннектикут штаттары бар. Жақында бұл тізімге Нью-Йорк те қосылды. Осыған орай қоғамның пікірі екіге бөлінді. Бірі санитарлық талаптар сақталса сабақта маскасыз жүруге болады десе, өзгесі бұл шешім эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына әкеп соғады деп дабыл қағады. Бұл пікірді елдің ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Рошель Валенски мен Ақ үй өкілдері құптап отыр. Олардың айтуынша, вирустың омикрон түрімен ересектермен қатар балалар да жиі ауырып жатыр.

Джен Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

– Халықтың пандемиядан әбден шаршағанын білеміз. Әрине, үнемі бетпердемен жүру оңай емес. Алайда елімізде ауруды жұқтыру дерегіне сүйенсек, жабық ғимараттардың ішінде маскасыз жүру мүмкін емес екенін түсіну керек. Сондықтан бұл мәселеге қатысты қандай да бір жеңілдіктерді еңгізу әлі де ерте. Әсіресе, мектептердегі эпидахуалды ушықтырмағанымыз жөн.
10 ақпан 2022 ж. 951 0