Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркия қар астында қалды

Түркия қар астында қалды

Түркияның Стамбул қаласы қалың қар астында қалды. Табиғаттың тосын мінезінен шаһардың мыңдаған тұрғыны үйлеріне жете алмай әлек, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, көшелерде көлік қатынасы тежелді. Жолда қалып қойғандар да бар. Кейбіреулері көліктерінде түнеуге мәжбүр болды. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Стамбул әуежайында түске дейін ұшатын барлық рейстер кейінге шегерілді. Қазір қаланы тазарту жұмыстары басталды. Мамандар кей жерлерде жауған қардың қалыңдығы 85 см дейін жететінін айтады.

Сельчук Тутунджу, табиғи апаттардың салдарын жою орталығының менеджері:

- Бастапқыда 40 тонна тұз қолдандық. Қазір жауған қарды тазарту үшін 1500 көлік пен 7 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Жұмыс тәулік бойы үздіксіз жүріп жатыр.

Түркияның көптеген өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендеп кетті. Ал Анталья қаласында соңғы 29 жылда алғаш рет қар жауған. Халық бұған дән риза. Курортты шаһардың тұрғындары әсем табиғаттың көрінісімен әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр.
26 қаңтар 2022 ж. 715 0